09:14, 14 Қараша 2018 | GMT +6
Оралда автокөлік әйелді қағып кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда кеше автокөлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Еуразия даңғылы бойындағы 8-мектеп аялдамасы тұсында орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованыңң айтуынша, жедел жәрдем сағат 21.59-да шақырылды. Бригада сағат 22.03-те жеткен. Шамамен елу жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұл - соңғы күндердегі қаладағы осындай екінші оқиға. Бұдан бұрын көлік қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.