Оралда автокөлік бағанға соғылып, екі адам мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік бағанға соғылып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда автокөлік бағанға соғылып, екі адам мерт болды

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 08.00 шамасында Исатай-Махамбет пен А.Карев көшелерінің қиылысында болды.

«ВАЗ-2112» автокөлігінің 1993 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай, бағанға барып соғылған.

Жүргізуші сол жерде жан тапсырды. Автокөлікте отырған 1982 жылғы жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, бір сағаттай уақыттан соң ол да көз жұмды.

«Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан екі адамның қаза тапқанын, сондай-ақ ірі дүкеннің өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.