Оралда автокөлік қағып кеткен 64 жастағы ер адам мерт болды

None
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 64 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 12 шілде күні шамамен сағат 10.00-де «Омега» зауыты ауданындағы көпірде болды.

«1947 жылғы жүргізуші «УАЗ» автокөлігімен көпірде 64 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады ведомстводан.


Марқұмның «Жайық Таза Қала» ЖШС қызметкері екені анықталды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, ер адам жедел жәрдем барғанша қайтыс болып кеткен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан тағы екі адамның мерт болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар
telegram