Оралда автокөлік қыз баланы қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Бүгін Орал қаласында автокөлік қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оралда автокөлік қыз баланы қағып кетті

БҚО ІІД баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға сағат 12.00 шамасында болған. «Ауди» автокөлігі ғылыми-техникалық кітапхана тұсындағы жаяу жүргінші өткелінде қыз баланы қағып кеткен.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, 17 жасар қыз қалалық көпбейінді аурухананың нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр дәрежеде. 

Фото: ptzgovorit.ru