03:00, 15 Наурыз 2020 | GMT +5
Оралда автокөлік мотоциклмен соқтығысып, екі адам жарақат алды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік мотоциклмен соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 наурыз күні сағат 05.00 шамасында Еуразия және Н.Назарбаев даңғылдарының қиылысында болды.
Оқиға салдарынан мотоциклге мінген 1999 жылғы жігіт пен 1997 жылғы қыз облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша қыздың жағы, жігіттің жамбасы сынған. Жағдайлары тұрақты.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына (жол ережесін бұзу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған дейін БҚО-да мас жүргізуші айдаған автокөлік аударылып, үш адам зардап шекті