Оралда автокөлік өртеніп, екі адам зардап шекті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлік өртеніп, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда автокөлік өртеніп, екі адам зардап шекті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 15.19-да қала ортасындағы «Мирлан» базары ауданында болды.

«ВАЗ-2106» автокөлігі отқа оранды.

Өрт 16.29-да оқшауланып, 16.47-де сөндірілді.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 5-өрт сөндіру бөлімінен 5 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан күйік шалған 1983 жылғы жүргізуші мен 1980 жылғы жолаушы әйел ауруханаға жеткізілді. Олар дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да сыра қайнату кешені отқа оранғанын жазған болатынбыз.