Оралда автокөлік велосипед мінген адамды қағып, ер адам көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін автокөлік велосипед мінген адамды қағып, ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға «Жазира» дүкені ауданында «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансасы маңында болған.
Оқиға болған жерге жедел жәрдем сағат 03.57-де шақырылған. Жедел жәрдем бригадасы 2 минуттан кейін жеткен. Алайда жасы 35-тердегі ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
Еске сала кетейік, кеше дәл осы бұрылыста автокөліктің бағанға соғылып, бір адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.