Оралда автокөлік жас жігітті қағып кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлік жас жігітті қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 2 қыркүйек күні қалаға қарасты Деркөл кентіндегі Конкин көшесінде орын алды. «Лада Приора» автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, оқиға орнынан жедел жәрдемге шақырту сағат 17.00-де түскен.
Жедел жәрдем бригадасы бес минуттан кейін жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша 1995 жылғы жігіт бас пен мидың жабық жарақатын алған, миы шайқалған. Сондай-ақ ортан жіліктің басы сынған. Қазіргі таңда облыстық клиникалық ауруханада ем алып жатыр.