Оралда автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, екі адам ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлік жолаушылар автобусымен түйісіп, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түсқайта сағат 15.20 шамасында орын алды.

Чагано-Набережная көшесі бойында «ВАЗ-2114» автокөлігі №5 бағытпен жүретін «Mersedes Benz» жолаушылар автобусымен соқтығысты.null

Салдарынан жолдан түсіп кеткен «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген 1950 жылғы ер адам мен 1951 жылғы әйел алдын ала диагноз бойынша бас пен мидың жабық жарақатын алған.null null

Автобус салонында 50-60 адамдай болған. Олардың жарақат алған-алмағаны жөнінде әзірге мәлімет жоқ.

Осы күні қалада бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді.

А.Сақпосынованың айтуынша, Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында №20 мектеп маңында түсқайта болған жол апаты салдарынан 1989 жылғы әйел мен 2013 жылғы қыз бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Екеуін де нейрохирург қарады, бас пен мидың жарақаты жоқ, амбулаторлық бақылауға жолданды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ресейлік азаматтың өзі сатқан автокөлікті қайта айдап кетпек болғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар