Оралда аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бүгін аязға байланысты мектептерде бірінші ауысымда 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 07.00-де температура тілі 25 градус аязды көрсетті.
Желдің жылдамдығы – секундына 2 метр.
Қазіргі кезде бастауыш сыныптардың қашықтан оқитыны жөнінде хабарланып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өзен арнасынан асып, жол жиегін су шайғанын жазған болатынбыз.