Оралда әйелді атып өлтірген күдікті ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда әйелді атып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 10 мамыр күні кешкісін өз пәтерінен әйелдің мүрдесі табылды. Оның ішінен оқ тиген.
Сонымен қатар ішінен жаралған ер адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, оқ атқан күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қалалық көпбейінді ауруханада жатқан 1951 жылғы ер адамның жағдайы бұрынғысынша ауыр.
Еске сала кетейік, Оралда ер адам 60 жасар енесін атып өлтіріп, қайын атасын жаралағанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.
Кейін белгілі болғанындай, кеше күдікті мен оның әйелінің ажырасқаны жөнінде сот шешімі шыққан. Қанды оқиға содан кейін орын алған. Сол пәтерде күдіктінің әйелі мен ұлы болған, олар аман қалған.