14:06, 18 Қаңтар 2011 | GMT +5
Оралда Азиада алауын облыс әкімі бастап алып жүрді
ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Жеңіс алаңында бүгін 7-Қысқы Азия ойындары алауының Батыс Қазақстан жеріне жетуіне байланысты салтанатты рәсім болды.

Жиналғандарды облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтады. «Азия ойындары - тек спорттық сайыс қана емес, құрлық халықтарын жақындастыратын, ынтымаққа, бейбітшілікке бастайтын аса маңызды тарихи оқиға. Азия ойындарында ел намысын қырыққа жуық батысқазақстандық спортшы қорғайды. Олардың бәріне де спортта сәттілік, жеңіс тілеймін»,- деді облыс басшысы.
Бұдан кейін Азиада алауын бірінші облыс әкімі бастап алып жүрді. Достық даңғылымен Мәншүк Мәметова ескерткіші тұрған алаңға дейін созылған эстафетада алау ұстаушылар қатарында ардагерлер, өнер қайраткерлері, атақты спортшылар бар.
Алау эстафетасы түсқайта жалғасып, мұз айдыны сарайында мәреге жетеді.