Оралда «Бала тілі - бал» байқауы мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында мектепке дейінгі ұйым мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында «Бала тілі - бал» өңірлік байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

БҚО тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тапсырысы негізінде «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқауға облыс аудандары мен Орал қаласынан барлығы 17 үміткер қатысып, бақ сынады.
null

Өнер сайысы бүлдіршіндер арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу, ұлттық және рухани құндылықтарды байыту мақсатын көздейді. 

Қатысушылар алдымен «Балаларға базарлық» бағыты бойынша фольклорлық туындылардан үзінділер, танымал ақындардың балаларға арнаған өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті. «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша балаларға арналған әндерді орындаса, содан кейін «Жаңылтпаштар әлемінде» жаңылтпаштарды айтып берді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімінде мақал-мәтел айтып, суретке қарап әңгіме құрастырды.

Байқау қорытындысында Қаратөбе аудандық бөбекжайының тәрбиеленушісі Рысбек Ақылбай бас жүлдені жеңіп алды. Теректі ауданы Подстепный ауылы «Бәйтерек» бөбекжайынан келген Арсен Сырғабаев бірінші, Айару Амангелді (Шыңғырлау ауданы «Болашақ» бөбекжайы) екінші, Даниэл Лигновский (Орал қалалық №19 «Золотой петушок» бөбекжайы) үшінші орынға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
null 
null 

Соңғы жаңалықтар