Оралда базарда мал соятын орында газ баллоны жарылды

жарылыс
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында «Ел ырысы» базарында газ баллоны жарылды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 маусым күні сағат 10.00-ден кете мал союға арналған орында болды.

«Алдын ала мәлімет бойынша барлығы 10 адам зардап шексе, соның екеуі - кәмелетке толмағандар. Екі адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Газ баллонын дұрыс қолданбау осындай оқыс оқиғаларға жиі соқтыруда. ТЖ департаментінің қызметкерлері мұның алдында қауіпсіздік бойынша рейд те жүргізген», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары мен себеп-салдары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құрбандық мал шалынатын орындар бақылауда болатынын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram