Оралда белгілі әдебиетші-ғалым Х.Сүйіншәлиевті еске алуға арналған шара ұйымдастырылды

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы А.Пушкин мұражайында белгілі әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ханғали Сүйіншәлиевті еске алуға арналған шара ұйымдастырылды,

Оралда белгілі әдебиетші-ғалым Х.Сүйіншәлиевті еске алуға арналған шара ұйымдастырылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылғы желтоқсанда туғанына 80 жыл толған ғалым Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін әуелі Орал педагогикалық институтында, кейін ҚазМУ-де ұзақ жыл жемісті еңбек етті. Абайдың қара сөздерінен бастап бұрын елеусіз қалып келген әдебиет тұлғаларының шығармашылығын зерттеп, тоғыз монография, жиырмадан астам кітап шығарды. Оралдық әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасов Ханғали шығармашылығының сан қыры жөнінде әңгімелесе, студенттер туындыларынан үзінділер оқыды. Мұражайда ғалым еңбектерінен арнайы көрме де жасақталды.