Оралда белгісіз біреулер әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында белгісіз біреулер 57 жастағы зейнеткер әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен.

Оралда белгісіз біреулер әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әйел облыстық клиникалық ауруханада көз жұмған.

Қазіргі кезде аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.