Оралда белгісіз біреулер банкоматты бұзып, тонап кеткен

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда белгісіз біреулер банкоматты бұзып, қаржы жымқырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда белгісіз біреулер банкоматты бұзып, тонап кеткен

Оқиға бүгін «МегаСтрой» сауда үйінде болды. Белгісіз біреулер осындағы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға тиесілі банкоматты бұзып, ақшасын алып кеткен.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, оқиға туралы сағат 11.00-де хабар түскен.

Қазіргі кезде келтірілген шығын анықталу үстінде. Осы қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.