16:41, 18 Тамыз 2020 | GMT +5
Оралда бес жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бес жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиғаның Д.Қонаев шағынауданында 9-қабатты үйде болғаны жөнінде бүгін сағат 13.20-да ақпарат түскен.
Тоғызыншы қабаттағы терезеден құлап кеткен 2015 жылғы бала сол жерде жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі баланың құдыққа
құлап, қаза тапқанын жазған болатынбыз.