Оралда бір әйел 7 жасар қызының басын кесіп тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екатеринбор тұрғыны жеті жасар қызын өлтіріп, оған жын-перілер солай істеуге мәжбүрлегенін айтқан, деп хабарлады РИА Новости.

Оралда бір әйел 7 жасар қызының басын кесіп тастаған

РФ ІІМ Свердловск облысы бойынша МБ баспасөз қызметінің басшысы Валерий Горелыхтың айтуынша, сәрсенбі күні кешқұрым полицияға 40 жастағы әйелдің көршісі жүгінген. Ол әйелдің қызын өлтіргенін, мұның полицияға хабар беруін өтінгенін айтқан.

«Бір бөлмелі пәтерде еденде басы кесілген қыз баланың денесі жатты... полиция қызметкерлерінің неліктен мұндай ауыр қадамға бардың деген сұрағына әйел салқын қанды түрде оған жын-перілер осылай істеуге мәжбүрлегенін айтқан», - деді Горелых.

Оның сөзіне қарағанда, әйел бұрын сотталмаған, ерімен 4 жыл бұрын ажырасқан. Әйелге қатысты сот психиатриялық сараптама тағайындалды.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.