Оралда бір күнде 17 автобус жүргізушісі жол ережесін бұзды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында қоғамдық көліктегі тәртіпті жақсарту мақсатында «Автобус» жедел алдын алу шарасы қолға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Орал қалалық ішкі істер басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, шара 22 қаңтардан 18 ақпанға дейін созылмақ. Алғашқы күні-ақ 17 қоғамдық көлік жүргізушісінің жол ережесін бұзғандығы белгілі болды.

Айта кетейік, өткен жылы осындай сегіз шара ұйымдастырылып, 169 жол ережесін бұзушылық анықталған болатын.

Облыс орталығында 2017 жылы қоғамдық көліктің қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 86-сы түрлі жарақат алды. 

Соңғы жаңалықтар