Оралда бірнеше иттен құтыру белгілері анықталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында үш иттен құтыру белгілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәдениет Танауовтың айтуынша, бұл оқиғалар ақпан, наурыз айларында тіркелді. Соның екеуі Зачаган кентінде, біреуі Желаевта орын алды.
«Қазіргі кезде итпен байланыста болған тұрғындарға екпе салынуда. Жалпы, әр тұрғын ит пен мысықты ұстау ережелерін мұқият сақтауы тиіс. Егер ит тістеген жағдайда ол адамға міндетті түрде екпе салынады. Ит те мал дәрігерінің бақылауына алынып, сау екендігі анықталғаннан кейін ғана екпе тоқтатылады», деді М.Танауов