Оралда биыл 10 жаңа тұрғын үй салынады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында биыл 9 млрд-тан астам теңгеге 10 жаңа үй (1413 пәтер) салынбақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Оралда биыл 10 жаңа тұрғын үй салынады

null
Тұрғындармен есептік кездесуінде қала әкімі Нариман Төреғалиевтің мәлім еткеніндей, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес 6 үй (1008 пәтер) және мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде 4 үй (405 пәтер) бой көтермек. Сонымен қатар 5 жаңа үйдің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасау жұмысы жалғасады.

Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде тұрғын үйлер салу үшін инженерлік желі тарту, Деркөл ауылында кварталішілік жолдар мен су тарту жұмыстары аяқталады. Оған қоса Зачаган кентінде 9 тұрғын үйге инженерлік желі тарту мен абаттандыру ісі мәреге жетеді. Деповская көшесінде де инженерлік желі тартылады.
null  

Айта кетейік, 2016 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 8 млрд-тан астам теңгеге 11 тұрғын үй (1247 пәтер) пайдалануға берілсе, соның 9-ы «Нұрлы жол» арқылы іске қосылды. Бір үй жас отбасыларға арналса,  тағы біреуі кезекте тұрғандарға берілді. Оған қоса Зачаган кентінде жас отбасыларға арналған тағы бір үйге қоныстандыру басталды. Бұл 4 мыңнан астам адамды тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік берді.
null