Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін бокстан ересектер арасында халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан ересектер арасында БҚО-ның аға жаттықтырушысы Саттар Сұлтанғалиевтің айтуынша, бірінші рет ұйымдастырылған жарысқа Өзбекстан мен Тәжікстаннан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан қырыққа жуық спортшы қатысты.

Турнир нәтижесінде салмақ дәрежелеріне қарай Нұрсұлтан Нұриденов (52 кг), Сағындық Молдашев (57 кг, екеуі де БҚО-дан), Шербек Рахматуллаев (63 кг, Өзбекстан), Расул Жаңбырбай (69 кг, БҚО), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг, Қызылорда), Ерік Әлжанов (81 кг), Мағжан Базарбай (91 кг, екеуі де Маңғыстаудан) және Ислом Юсупов (+91 кг, Өзбекстан) чемпион атанды.

Жалпыкомандалық есепте БҚО құрамасы бірінші орынға ие болды.

«Алдағы жылы жарыс ауқымын бұдан да гөрі кеңірек етіп ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Деңгейі жоғарылап, 80-90 боксшы келетін болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Сұлтанғалиев.

null 

Соңғы жаңалықтар