Оралда бульдозер мен автобус соқтығысып, үш адам жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бульдозер мен автобус түйісіп, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін таңертең «Жұлдыз» шағынауданында болды. null

Еуразия мен Алаш көшелерінің қиылысында бульдозер №33 бағытпен жүретін автобуспен соқтығысқан.

Жедел жәрдем сағат 10.19-да шақыртылды.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. 2009 жылғы бала мен 1996 жылғы қыз облыстық ауруханаға жеткізілді. Олар тексерілгеннен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. 1980 жылғы ер адам ауруханаға барудан бас тартты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қолайсыз ауа райына байланысты өңірде жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткендігін жеткізді. 13 қаңтар күні көктайғақтың салдарынан Орал-Атырау жолында 6 жүргізуші автокөлік (соның төртеуі - жүк көлігі) руліне ие бола алмай, жолдан түсіп кетті. Зардап шеккендер жоқ. null

Өткен демалыс күндері Орал қаласының өзінде иелеріне материалдық шығын әкелген жиырмадан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жолда қалған бірнеше шетелдік азаматқа да көмек көрсетілді.

14 қаңтар күні сағат 16.40-та Орал-Атырау жолының 153-шақырымында Ақжайық ауданы Мерген ауылы тұсында жолдан түсіп кеткен Түркия азаматына тиесілі «Iveco» жүк көлігі автожолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Сол күні сағат 17.22-де Самара-Шымкент жолының 350-шақырымында Сырым ауданында қырғызстандық азаматқа тиесілі DAF жүк көлігі де шығарылды. Сағат 22.45-те Орал-Атырау жолының 288-шақырымында Ақжайық ауданы Атамекен мен Ақсуат ауылдарының арасында DAF көлігімен тұрып қалған өзбекстандық азаматқа да жәрдем берілді.null

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста жол апатынан бір адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

null

null

Соңғы жаңалықтар