Оралда «Дала дарындарының» жеңімпаздары белгілі болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда дәстүрлі «Дала дарындары» жастар шығармашылығы фестивалінің жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

null

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған байқауға биыл алпыстан астам үміткер қатысты.

null 

Орталық директорының міндетін атқарушы Нұргүл Бердашеваның айтуынша, «Дала дарындары» фестивалі жиырма жылға жуық уақыт бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын жанрларға өзгерістер енгізіліп отырылады. Айталық, биыл хореографиядан ансамбльдер қатысқан жоқ, соло, дуэттер ғана бақ сынады. Үміткерлер санының азаюы сол себептен. Байқау қорытындысына сәйкес биыл Астанада 3-8 қарашада өтетін ХХ «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестиваліне баратындар іріктелді. Яғни, фестиваль ережесіне сәйкес биыл эстрадалық вокал, хореография аталымдары болмайды. Есесіне жастар, мысалы, академиялық ән айту, халық музыкасы, классикалық музыка, мүсін өнері, әдеби шығарма, сатирадан сынға түседі. Осы аталымдар бойынша үздік шыққандар «Шабытқа» барады.

null  

Сонымен, «Дала дарындары» фестивалінің қорытындысы бойынша халық музыкасынан (домбырамен ән салу) Орал қаласы атынан шыққан Әмина Ғайнеденова жеңімпаз атанды. Домбыра-күйден жаңақалалық Темірлан Сралиев озды. Эстрадалық вокалдан теректілік Елжас Мағзұмов пен Ислам Мұратов (дуэт) бірінші орынға ие болды. Әдеби шығармадан сырымдық Саида Ғапарова (проза), жәнібектік Бағдагүл Қарабасованың (сатира) бағы жанды. Хореографиядан оралдық Аружан Серікбаеваның мерейі үстем болды. Бейнелеу өнері жанрынан зеленовтық Әлібек Роланов озса, кескіндемеден жәнібектік Нағима Төлебекова үздік атанды. Фестиваль жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталып, гала-концертте өнер көрсетті. 

null null 

Соңғы жаңалықтар
Референдум