Оралда дәстүрлі баспасөзге жазылу күні өткізілді

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Қазпошта» АҚ БҚО филиалында дәстүрлі баспасөзге жазылу күні өткізілді.

Оралда дәстүрлі баспасөзге жазылу күні өткізілді

Филиал директоры Мағал Бекмағамбетовтің атап өткеніндей, баспасөзге жазылу науқаны жыл сайын ұйымшылдықпен өтіп келеді. Қазіргі таңда газет-журналдар үшін басты мақсат - өз таралымдарын көбейту. Бұл ең алдымен сол ақпарат құралдарының өтімділігіне, мән-мазмұнына байланысты. Сондай-ақ газет-журналдарды оқырмандар қолына уақтылы жеткізу де маңызды рөл атқарады. Шара барысында дөңгелек үстел отырысында осы мәселелер талқыға түсті. Сондай-ақ филиалдың орталық учаскесінде жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда кезкелген екі басылымға бірінші жазылған адамға үшіншісіне тегін жазылуға мүмкіндік берілді. Марка, конверт, мерекелік открыткалар да сатылды.

Белсенді таратушыларға бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді. Сонымен қатар қала оқушылары арасында «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай пошта маркасы» атты сурет және «Досқа хат» атты әдеби-танымдық байқаудың қорытындылары шығарылды. Оған 178 оқушы қатысып, жеңімпаздар марапатталды.