Оралда дәстүрлі «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мен «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экспедициясы аясында дәстүрлі «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырған байқауға облыс аудандары мен Орал қаласынан 7-9 сынып оқушыларынан құралған 13 команда (әр топта 7 адамнан) қатысып, бақ сынады.
null  

Аталмыш орталық директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фоминнің айтуынша, жеткіншек ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, өз өлкесін тереңірек танып-білу мақсатында аталмыш фестиваль 1989 жылдан бері өткізіліп келеді.

Биылғы бір ерекшелік, «Жас қаламгер» аталымына қатысушылар Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына байланысты қос басылым туралы эссе, шығармалар жазды. Сондай-ақ жас суретшілер өз туындыларын батысқазақстандық белгілі суретші Сәкен Ғұмаровтың сексен жылдығына арнады.
null  

Фестиваль қорытындысында «Жас қаламгер» аталымы бойынша Қаратөбе ауданынан келген Н.Хамитова, «Жас суретшіден» жаңақалалық М.Жолдығалиева, «Жас шеберден» ақжайықтық Д.Қашқынбаева, «Жас дизайнерден» қазталовтық А.Есенгелдина, «Жас аспаздан» ақжайықтық А.Мұстафина бас жүлдені иеленді. «Жас таланттар» аталымынан Қазталов ауданы оқушылары  жеңімпаз атанса, Орал қаласы бірінші, Сырым ауданы екінші, бөкейордалықтар үшінші орынды еншіледі. 

Соңғы жаңалықтар
telegram