Оралда дойбыдан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Қаладағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен түскен мәліметке қарағанда, ел біріншілігіне Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан алпыстан астам дойбышы қатысып, блиц, рапид және дойбының классикалық түрінен бақ сынады.
Он күнге созылған чемпионат қорытындысында блицтен әйелдер арасында батысқазақстандық Айшат Ақылбек, ерлерден ақтөбелік Мират Жекеев, 23 жасқа дейінгілерден оралдық Әйгерім Сағатова мен ақтөбелік Рүстем Омаров, 20 жасқа дейінгілерден батысқазақстандықтар Тоғжан Тәжібекова мен Әділхан Мейрам чемпион атанды. Рапидтен әйелдерден Әлия Камалова (БҚО), ерлерден М.Жекеев (Ақтөбе), 23 жасқа дейінгілерден Балауса Жоламанова (БҚО) мен Ислам Нәби (ОҚО), 20 жасқа дейінгілерден Данагүл Жұмалиева мен Ерзат Кенжеғали (екеуі де Атыраудан) жеңіс тұғырына көтерілді.
Классикалық дойбыдан әйелдерден Жанат Құдайберген (БҚО), ерлерден Степан Коваленко (Ақтөбе), 23 жасқа дейінгілерден Елизавета Бапиева (БҚО) мен Сағынтай Орынғалиев (Ақтөбе), 20 жасқа дейінгілерден Данагүл Жұмалиева (Атырау) мен Асылхан Айтмұханбетов (Ақтөбе) чемпиондық атақты жеңіп алды.
Айта кетейік, батысқазақстандық Анель Дәулетова ерлер арасында сынға түсіп, классикалық дойбыдан күміс, рапид пен блицтен қола жүлдені олжалады