Оралда екі көлік соқтығысып, 5 адам ауруханаға түсті

Алматыда жол апаты
Фото: Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді.

Kazinform бұдан бұрын жазғанындай, жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам көз жұмған еді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, барлығы 6 адам зардап шексе, соның үшеуі – жедел медициналық жәрдем қызметкерлері.

«ВАЗ-21099» жеңіл көлігінің жүргізушісі, 1985 жылғы ер адам алған жарақаттары салдарынан стационарға бара жатқан жолда қайтыс болды. 50 жастағы ер адам мен 26 жастағы жігіт, 40 жастағы әйел мен 27 жастағы қыз қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 40 жастағы әйел жарақат бөлімшесіне жатқызылып, ем алуда, жағдайы орташа ауыр. Қалған үшеуі қаралып, тексеріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оларға амбулаториялық ем тағайындалды. 12 жасар қыз бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында тексеруден өткеннен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді», деп хабарлады ведомстводан. 

Соңғы жаңалықтар
telegram