Оралда екі автокөлік соғысып, үш адам ауруханаға түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік соғысып, үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 желтоқсанға қараған түні Абай даңғылында болды.

«29 жастағы жүргізуші WV Polo автокөлігімен жол апатына түсті. Ол 2004 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан Toyota Kamry автокөлігімен соқтығысуға жол берді. Соның салдарынан көптеген дене жарақаттарымен WV Polo жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайы ауыр. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 00.17-де шақыртылды. Алдын ала мәлімет бойынша 29 жастағы жігіт бас пен мидың жабық жарақатын алып, сол жақ самай сүйегі сынған. Бірінші дәрежелі травматикалық шок алған ол жансақтау бөлімінде жатыр. 2003 және 2004 жылғы жігіттер бас пен мидың жабық жарақатын алған. Барлығы да облыстық көпбейінді ауруханаға түскен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да үш автокөлік түйісіп, Nissan Patrol өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар