Оралда екі автокөлік соқтығысып, 2 адам жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі автокөлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда екі автокөлік соқтығысып, 2 адам жарақат алды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 наурыз күні шамамен сағат 21.20-да Құрманғазы мен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды.

«Лада Калина» көлігінің 37 жастағы жүргізушісі маршруттық көлікке жол бермей, түйіскен. 1-бағытта жүретін шағын автобус жұмыстан кейін үйіне кетіп бара жатқан.

Жол апаты салдарынан 1974 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды. 1998 жылғы қыз дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты жүк көліктерінің жолда қалғанын жазған болатынбыз.