Оралда екі автокөлік соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік түйісіп, бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда екі автокөлік соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат шамамен 14.30-да Қ.Миханова мен Н.Гастелло көшелерінің қиылысында болды.

«Ауди» автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі 32 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Субару» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.

Соның салдарынан «Субару» аударылып қалып, түрлі жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адамның көз жұмғанын, Оралда адам өлтірген күдіктінің қылмыстың ізі суымай ұсталғанын жазған болатынбыз.