Оралда екі автокөлік түйісіп, үш адам жарақат алды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Гастелло мен Қ.Миханова көшелерінің қиылысында болды.
Жедел жәрдем сағат 14.42-де шақырылды.
Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған 36 және 51 жастағы әйелдер, сондай-ақ 9 жасар қыз бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, мән-жайы анықталып жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Toiota Kamri мен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысып, үш адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

