Оралда екі көлік соқтығысып, 2 адам ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік түйісіп, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бүгін сағат 11.55-те қала орталығында «Солярис» және «Лада Ларгус» автокөліктері соқтығысты.

Оқиға Сарайшық және Мұхит көшелерінің қиылысында болды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Жедел жәрдем сағат 12.01-де шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 26 жастағы қыз бас пен мидың жабық жарақатын алып, миы шайқалған. 29 жастағы жігіттің екі қабырғасы сынған. Екеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар