Оралда екі жасар қыз бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі жасар қыз бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда екі жасар қыз бала екінші қабаттағы терезеден құлап  кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 шілде күні Әбубәкір Кердері көшесі 172/1-мекенжайында орналасқан бес қабатты үйде орын алды.

Ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы қыз бала 2 қабаттағы терезеден құлап түскен. Анасы ас үйде болған кезде қыз ашық тұрған терезенің жақтауына шыққан.

Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған сәби ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр.

БҚО ТЖ департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды тағы да ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі күнде 2 баланың терезеден құлап кеткенін жазған болатынбыз.