Оралда электр жөндеуші маман ток соғып, мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда электр жөндеуші ток соғып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 12 маусым күні сағат 11.04-те Назарбаев даңғылы бойында болған.

Электр бағанында өз қызметін атқару кезінде электр жөндеушіні ток соққаны жөнінде хабар түскен.

Жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен бір техника оқиға орнына шұғыл жетті.

Өкінішке қарай, отыз жастағы электр жөндеушіні құтқарып қалу мүмкін болмады.

Электр жүйесі қызметкерлерімен бірге арнайы техниканың көмегімен марқұм жерге түсіріліп, денесі құзырлы мекемеге тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар