Оралда ер адам 10-қабаттан секіріп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында ер адам 10-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда ер адам 10-қабаттан секіріп кетті

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 25 сәуір күні Д.Қонаев атындағы шағынаудандағы көп қабатты үйлердің бірінде болды.

Азиат пішіндес, жасы 35-40-тардағы ер адам 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында қатты желдің дүкеннің шатырын жұлып әкеткенін жазған болатынбыз.