Оралда ер адам асулы күйінде табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам өз пәтерінде асулы күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда ер адам асулы күйінде табылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Оралдағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алды.

Кеше күндіз 1984 жылғы ер адам өз пәтерінде асулы күйінде табылған. Ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеке үйден екі адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.