Оралда ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Құрманғазы көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Сағат 13.56-да жасы шамамен 68-дегі ер адамның құлап кеткені жөнінде хабар түскен. Ол оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 25 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.