Оралда ер адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында ер адамның мүрдесі табылды.

Полиция
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 сәуір күні болды.

«Абай полиция бөлімі осы қылмыстық іске қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде қылмыстың ізі суымай, күдікті анықталып, ұсталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамалғанын жазған болатынбыз.