Оралда ерікті студенттер зейнеткердің үйін жөндеп берді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан университетінің волонтер студенттері оралдық зейнеткердің өтінішіне үн қатып, үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда ерікті студенттер зейнеткердің үйін жөндеп берді

«Самойлова Людмила Григорьевна маған «Күншуақ» бағдарламасындағы (жергілікті телебағдарлама) волонтер жұмысына қатысты сұхбатымды көріп хабарласты. Әжей жалғыз тұрады екен және үйін жөндеу үшін көмекке мұқтаж. Людмила Григорьевна риза болды және біз де ризамыз. Демалысымыз босқа өтпеді», - деп жазды еріктілердің көшбасшысы Мөлдір Сапар Instagram желісінде.

Әжейдің қоңырауын «Күншуақ» бағдарламасының авторы Лаура Бекболатова қабылдаған.

«Балалар бағдарламаға қатысып, өз қызметтері туралы айтып берді. Людмила Григорьевна бағдарламаны көріп, бізден көмек сұрау қажет деп шешкен. Осылайша әжей маған қоңырау шалып, өздігінен жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайтынын айтты», - деді ҚазАқпарат тілшісіне журналист Л. Бекболатова.

«Әжейдің өтініші мен байланыс телефонын Мөлдірге бердім, олар өтінішті қабылдап, әжейге көмектесті. Қаламызда осындай мейірбанды жастардың бар екені қуантады!».

Волонтерлік қызмет Орал қаласында кең тарап келеді. Адамдар бір-біріне қол ұшын созуға барынша тырысуда. Мәселен, қала ішіндегі «ГАЗель» жүргізушісі мен кондуктор жұма сайын жолаушыларды тегін тасу туралы шешім қабылдаған. Өткен аптада бұл акцияға тағы бір кәсіпкер - Руслан Серғазиев те қосылған болатын. Ол жұма күні орталықтардың септигін тегін тазартып берген.