Оралда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мүрдесі табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Орал қаласындағы өз үйінен 1926 және 1928 жылғы ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, олар табиғи газдан уланған секілді.
Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаның анық-қанығы содан кейін белгілі болады.