Оралда ескек есуден ҚР V жазғы спартакиадасы өтуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы «Динамо» базасында байдарка мен каноэ есуден ҚР V жазғы спартакиадасы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, айтулы додаға 11 команда құрамында 100-ге жуық ескекші қатысып, бақ сынауда.

Жарыстың алғашқы күні Батыс Қазақстан облысының қоржынына қос алтын медаль түсті.

Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары Андрей Ергучев пен Алексей Дергунов 1 мың метр қашықтықта байдаркадан чемпион атанды. Оған қоса А.Ергучев осы қашықтықта жекелей сында да топ жарды. Екі адамдық каноэда шымкенттіктер Тимофей Емельянов пен Сергей Емельянов үздік шықты. Каноэны жалғыз есуде С.Емельянов бірінші келді. Байдаркадан әйелдер арасында Ирина Подойникова озды.

9 маусымға дейін созылатын спартакиада барысында басқа да қашықтықтар бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.

Айта кетейік, сонымен қатар 7-9 маусым күндері теннис орталығында дзюдодан ҚР V жазғы спартакиадасы өтеді.

Соңғы жаңалықтар