Оралда еврей халқының жаңа жылы тойланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы Достық үйінде еврей халқының жаңа жылы - «Рош-а-шана» мейрамы аталып өтілді.
None
None

Шараға қатысқан «Қоғамдық келісім» КММ директоры Александр Әжіғалиевтің атап өткеніндей, биыл тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отырған Қазақ елі осынау жылдар ішінде көптеген табыстарға қол жеткізді. Елбасымыздың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында сан ұлт өкілдері өз салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін одан әрі дамыту үстінде. Ассамблея мен облыс әкімдігінің қолдауымен қолға алынған «Этностар мәдени күні» жобасына сәйкес ұйымдастырылып отырған кезекті шара - соның жарқын көрінісі. Осындай шаралар арқылы өңірдегі этномәдени бірлестіктер бір-бірімен тығыз байланыс жасап, әр халықтың ұлттық дәстүрлерімен кеңірек танысуға мүмкіндік алып отыр.

Ресей Федерациясының Орал қаласындағы бас консулы Саид Забитов, армян және «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, облыстық мәслихат депутаты Аветик Амирханян, Данильбек Саратов еврей ұлтының өкілдерін жаңа жылдарымен құттықтап, бақ-береке тіледі.

«Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Дергачеваның айтуынша, аталмыш орталық 1989 жылы құрылғаннан бері жұмыс жасап, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Қазіргі таңда облыста 1 500-ден астам еврей ұлтының өкілдері тұрып жатыр. «Еврей халқының жаңа жылы тишрей күнтізбесіне сәйкес қыркүйек-қазан айларында тойланады. Өткенді қорытындылап, жаңа жылға нық сеніммен қадам басатын осы кез екен. Ізгі ниетке негізделген қандай мейрамның да аталып өтілуі орынды. Ұлтаралық келісім мен тыныштық орнаған еліміздің өркендеуіне біз де өз үлесімізді қосып,  салт-дәстүр, мәдениетімізді байыта бермекшіміз», деді ол.

Мереке барысында жиналғандар еврей халқының өмірінен сыр шертетін көрмемен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

null  

Соңғы жаңалықтар