Оралда гараж бен екі автокөлік отқа оранды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында гараж бен қос автокөлік жалынға шарпылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 22.08-де М.Шолохов көшесі бойындағы «Космос» гараж кооперативінде болды.
Гараждың төбесі жанған. Жалынның шарпыған аумағы - 2 шаршы метр. Өрттен екі көлік зардап шекті - «Ниссан Примера» мен гараж жанында тұрған «Фольксваген Пассат».
Өрт сағат 21.30-да оқшауланып, 23.27-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.