Оралда газ баллоншасын шашқан оқушы белгілі болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше сағат 11.00-де Орал қаласындағы №12 орта мектепте газ баллоншасының шашылғаны жөнінде полицияға хабар түскен.

Оралда  газ баллоншасын шашқан оқушы белгілі болды

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері баллоншаны мектеп оқушыларының бірі шашқанын анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабына (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, оқыс оқиғаның салдарынан жеті оқушы ауруханаға жеткізілген болатын.