Оралда ірі көлемде алаяқтық жасаған өзбекстандық азамат тергелуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда ірі көлемде алаяқтық жасаған өзбекстандық азамат тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда ірі көлемде алаяқтық жасаған өзбекстандық азамат тергелуде

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1993 жылғы Муродулло Юлдашев орман ағаштарын жеткізіп беремін деп, бірнеше тұрғынды сан соқтырған.

Өзбекстандық азамат олардың 50 мың теңгеден бастап 1,8 млн теңгеге дейін ақшасын жымқырып кеткен.

Аталған дерек бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасының Зачаган полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

Орал қалалық сотынан мәлім еткендей, судья Р. Исмаилова М. Юлдашевқа қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағына сәйкес («Ірі көлемде жасалған алаяқтық») екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Айта кетейік, аталған бап бойынша қылмысы дәлелденген жағдайда М. Юлдашевтің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.