Оралда із-түзсіз кеткен 31 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда із-түссіз жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1989 жылғы Асылбек Орынбайұлы Іңкәрғалиев 14 ақпан күні сағат 15.00-де Деркөл ауылындағы үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

Оны департаменттің криминалдық полиция басқармасы іздестіруде.

Белгілері: бойы - 175 см, арықша келген, шашы - қысқа, қара, мұрны тік.

Басына қара бөрік киген, үстінде капюшоны бар қара күрте, қарақоңыр-көк түсті джинси шалбары бар, етігі де қара.

Егер А.Іңкәрғалиев туралы білетіндер болса, 98-45-30, факс 8(7112)50-80-32, 8-775-717-11-19, 8-707-881-66-66 немесе 102 телефонына хабарласқаны жөн.


Соңғы жаңалықтар