Оралда қала күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылып отыр

ОРАЛ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда қыркүйектің 19-ына белгіленген қала күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылып отыр,

Оралда қала күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылып отыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні Александр Пушкин мен Жұбан Молдағалиев бақтары күрделі жөндеуден кейін қайта ашылады. Орталық Абай алаңында театрландырылған бағдарлама, жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерт қойылады. Кешкісін Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, соңы мерекелік отшашуға ұласады.

Сондай-ақ волейболдан «Достық» турнирінде жасөспірімдер күш сынасатын болса, жабық мұз айдыны сарайында мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтеді. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында да су спорты, волейбол, қазақ күресі, кір тасын көтеруден сайыс ұйымдастырылып, орыс ұлт аспаптар оркестрі сахнаға шығады.