Оралда қалалық ішкі істер басқармасының екі лауазымды қызметкері ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қалалық ішкі істер басқармасының қос бірдей лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда қалалық ішкі істер басқармасының екі лауазымды қызметкері ұсталды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевтың мәлім еткеніндей, кеше БҚО ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері екі лауазымды қызметкерді қолға түсірді. Олар күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп қорқытып, 240 мың теңге ақша алған.

БҚО ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Эдик Болатов бұл оқиғаны растап, күдіктілерге қамау шарасы қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар нақты мәлімет прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін жеткізді.